Жыр болған мектеп формасы. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадағы оқиға жалған болып шықты. Бұл оқиғаға байланысты Облыстық білім беру басқармасындағылар бүгін түсінік берді. Яғни жаңа оқу жылы қарсаңында 2 ұлына мектеп формасын беруін сұраған ата-ана Венера Нұрмолдина «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы бойынша көмек алғысы келген. Атырау қалалық білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін №21 Жамбыл атындағы орта мектебінің басшылығынан көмек сұраған. Алайда, аталмыш мектептің әлеуметтік педагогы Айдана Кенжетайқызы ақпаратты теріске шығарды. Оның айтуынша, тиісті өлшемдегі киімдердің болмауына байланысты, әлеуметтік көмектің қаржылай көрсетілуін күтуді сұраған. Бірақ, Венера Нұрмолдина киім өлшемі сай келмесе де, өзі қысқартып алатынын айтып, қолхат жазған. Осы іске қатысты мектеп директоры Естай Абайұлынан түсініктеме алынып, қазіргі таңда «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.