Теңіз кен орнында бақылау күшейтілді. Еліміз үшін экономикалық әрі стратегиялық маңызға ие ірі өнеркәсіп орнына әскери күзет қойылды. Олардың құрамында Қазақстанның Қарулы күштерінің әскерилері мен облыстық полиция  департаментінің қызметкерлері бар. Аталмыш шара, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай орындалуда.