Атырауда газ бағасы төмендеді. Бекеттерде сұйытылған отынның литрі 50 теңгеден саудалануда. Ал алыс аудандардағы газ бағасы 55 теңге. Жанар-жағар май бекеттерінде ұзын-сонар кезек жоқ, жұмыс штаттық режимде жалғасуда. Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында құны арзандаған сұйытылған газ бағасына көлік тізгіншілері ризашылықтарын білдіруде.