Елдегі жағдайдың салдарынан өңірде 49 адам әртүрлі дене жарақатын алып, 1 адам қаза тапты. Шейіт болған қызметкердің отбасына Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қайғыра көңіл айтты. Жергілікті жұртқа үндеу жасаған аймақ басшысы халықты бірлікке шақырып, елдің тұрақты дамып, қуатты мемлекетке айналуы, бейбітшілікке тікелей байланысты екенін атап өтті.