"Өмірді өнерімен суреттеген тұлға". Осындай атаумен күйші Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына орай облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шара фальклорлық ансамббльдің концерттік бағдарламасымен басталды. Одан кейін шараға қатысушылардың дәрістері оқылды. Қастерлі күй өнерін хас шеберлігімен аспандата білген ерекше тұлға - Дина Нұрпейісова әлемі мен шығармашылығы ғасырдан-ғасырға жетер сырлы сандық. Дина Кенже­қызы кең-байтақ Отанымыздың батыс өңірінде, Еділ-Жайық екі өзен аралығында орналасқан бұрынғы Бөкей ордасы, Нарынның Бекетай құмы жерінде 1861 ж. қарапайым шаруа отбасында өмірге келген. Дина апамыз бес жасында әкесінің домбырада тартқан күй саздарын пернелерге дұрыс түсіруге әуестенген, сөйтіп, қаршадайынан домбыра үніне құмар болған.