Елге тұрақты тұру мақсатында келген этникалық қазақтар қандас мәртебесін алды. Атырау облыстық жұмыспен қамту басқармасының мәліметінше, 179 отбасыны құрайтын 254 этникалық қазақ елге оралған. Өзбекстан Республикасынан 232 адам, Қытай Халық Республикасынан 19 және Ресей Федерациясынан 3 адам көшіп келген. Олар облыс орталығына және Исатай, Жылыой, Мақат аудандарына қоныс тепкен. Елге оралғандардың 180-і - еңбекке қабілетті жаста болса,  35-і мектепке дейінгі балалар. Ал, мектеп жасындағы балалар саны 33 және 6 зейнеткер бар. Айта кетейік, Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен қабылдау үшін бұрын берілген оралман мәртебесін алты айдан аспайтын мерзімге бір рет ұзарту туралы 37 адамға шешім қабылданды.