ҚАЗАҚСТАН - ЕГЕМЕН ЕЛІМ! Осындай атаумен жаңа ән жарық көрді. Жаңа туындының авторы «Атырау» телеарнасының редакторы, айтыскер ақын, халықаралық айтыстардың жүлдегері, әріптесіміз Нұржан Өмірбай. Жұртшылықты ұлтжандылыққа шақырып, елдің рухын оятатын патриоттық ән ырғағында бойды шымырлатып, жаныңды тебірентер ерекше бір күш бар. Жүректен шығып жүрекке жеткен қазақы мінез, қазақы рухтан нәр алған әуезді әнді Әділбек Жолдасбаевтың сүйемелдеуімен Атыраулық бүлдіршіндерден құралған «Алтын дауыс» хоры орындады.