Қазақстан экономикасы жаһандық сипаттағы қиындықтарға қарамастан алға ілгерлетіп, экономикалық дамуға серпін беру қажет. Бұл бүгінгі жолдауда айтылған өзекті мәселелердің бірі. Елбасы ұсынған 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясына және Ұлт Жоспарына сәйкес бірқатар құрылымдық міндеттерді іске асырып, ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға және одан да жоғары деңгейге жеткізу міндетті тұр. Осы орайда өзге аймақтарға донорлық болып отырған Атырау алқабының экономикасын әрі қарай нығайтып қана қоймай, әртараптандыру қажет дейді саясаттанушылар.