Атырау қаласында 3 мектеп күрделі жөндеуден өтуде
Биыл Атырау қаласында 3 мектеп күрделі жөндеуден өтеді. Олар № 12-ші, №5-ші мектеп пен физика-математика бағытындағы қалалық лицей. Осы білім ордаларының жөндеу жұмыстарына қалалық бюджеттен 726 млн. теңге қаржы бөлінген. Қазір жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр.