Қызылқоғалық мемлекеттік қызметшілер "ҚазТест" жүйесі арқылы қазақ тілінен білім деңгейлерін сынады. Бұл тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде өткізілді. Тест орталығының мамандары алдымен ауданға қарасты Сағыз, Мұқыр округтеріндегі мемлекеттік қызметшілермен кездесті. Содан соң аудан орталығындағы Халел Досмұхамедұлы атындағы орта мектепте мемлекеттік мемекеме мамандары тест сұрақтарына жауап берді. Мемлекеттік лауазымды қызметкер берілген 150 сұрақтың кем дегенде 135-іне дұрыс жауап беруі тиіс. Егер мемлекеттік қызметші қажетті балл жинай алмаса, оның дайындық курсынан өтуге мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, тест қорытындысы бойынша сертификат беріледі. Білім және ғылым министірлігі Ұлттық тестілеу орталығының аға сарапшысы Шарапат Жұмақұлованың айтуынша тестілеуге аудан орталығындағы мекемелерден 300-ге жуық маман қатынастын. Ал, аудан бойынша тестілеу аяқталғанға дейін 1000 адамды қамтимыз дейді.