ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫНДА ОҚУШЫЛАР АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Құрманғазы ауданында жастарға патриоттық тәрбие беруге бағытталған ерлік сабақтары ұйымдастырылды. Кезекті тағылымды кездесу Панфилов жалпы орта мектебінде өтті. Оған Чернобыль ардагері мен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің өкілдері қатысып, оқушылармен кездесті.