БИЫЛ 65 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ ТЕГІН ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Мектеп асханаларында жаңа оқу жылына арналған ас мәзірі қайта бекітілді. Биыл өңірдегі 65 мыңнан астам оқушы бір реттік тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Балаларға ұсынылатын тағамның құрамы мен мөлшері жас ерекшелігіне қарай белгіленген. Ал тамақтану үдерісі цифрлы жүйе арқылы бақыланады. Толығырақ тілші материалында.