«ЖАРНАМА - ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫ» БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Көшеде жүрсең, көз сүрінетін сауатсыз жарнамалар әлі де бар. Мекемелер мен кәсіпкерлерге қанша ескертілсе де, тіл тазалығына қатысты мәселе түбегейлі шешімін таппай отыр. Осыған байланысты өңірде «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» атты байқау ұйымдастырылды. Онда қатысушылар жарнамадағы қателерді анықтап, оларды сауатты түзету жолдарын ұсынды.