Негізгі Жаңалықтар АТЫРАУДА КИІЗ БАСУ ӨНЕРІ ДӘРІПТЕЛДІ

АТЫРАУДА КИІЗ БАСУ ӨНЕРІ ДӘРІПТЕЛДІ

Атырауда ұлттық өнерді ұлықтаған тағылымды шара өтті. Жүзге жуық әжелер алқасының мүшесі мен ардагерлер бас қосып, қазақтың дәстүрлі киіз басу өнерін көпшілікке көрсетті. Шараға өңірдің әр ауданынан және Ақтау қаласынан келген әжелер қатысты. Негізгі мақсат - ұмыт болып бара жатқан қолөнер түрлерін қайта жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды кейінгі буынға насихаттау.


Бөлісу