АЙМАҚ БАСШЫСЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Облыс әкімі Болат Ақшолақов өңірдегі әлеуметтік және агроөнеркәсіптік нысандарды аралап, инвестициялық жобалардың жүзеге асу барысымен танысты. Алдымен аймақ басшысы 4 мың оқушыға арналған Caspian BINOM School мектеп-лицейінде болып, білім беру инфрақұрылымының жұмысымен танысты. Кейін Atyrau Creative Hub креатив орталығын аралап, шығармашыл жастарға арналған мүмкіндіктер мен жүзеге асырылып жатқан жобаларға назар аударды. Бұдан соң жұмыс сапары агроөнеркәсіп нысандарында жалғасты.