Шаһардағы жағажайларды дайындау және күтіп ұстау жұмыстарын енді қала әкімдігі жанынан құрылған мекеме жүргізеді. Бұған дейін бұл міндеттерді атқаруда кәсіпкерлер тарапынан жауапсыздық байқалған. Осыған байланысты енді жергілікті билік өз бақылауына алуды жөн көріп отыр.