Биыл облыста 294 өрт оқиғасы тіркелген. Оның 63-і автокөлік өрттері, салдарынан 1 адам жарқат алса, тағы біреуі қайтыс болды. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша «Газбаллон» акциясы аясында рейдтік және түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.