Атырауда экологиялық заңнаманы бұзған кәсіпорындарға айыппұл салынды. Қазір олардың қарыз соммасы 2,3 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы «Аманат» партиясының облыстық филиалында өткен экологиялық жиында айтылды. Тағы бір өзекті мәселе, ірі және орта кәсіпорындар экологияға айтарлықтай зиян келтіріп отыр.