Атырауда білімнің шамшырағын жағып, саналы ұрпақ тәрбиелеуде аянбаған сала ардагерлері құрметке бөленді. Салтанатты шарада ұстаздарға мемлекеттік наградалар табысталып, ұйымдастырушылар олардың білім беру ісіндегі көпжылдық табанды еңбегі үшін алғыс білдірілді. Жиынға олыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов, облыстық білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов және сала ардагерлері қатысты.