Тұрғындар тегін құқықтық кеңес алды. Атырауда Әділет департаментінің ұйымдастыруымен құқықтық көмек көрсетуге арналған ашық есік күні өтті. Іс-шара барысында азаматтар нотариустарға, адвокаттарға және жеке сот орындаушыларына жүгініп, өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша нақты жауаптар алды. Бұл бастама халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, заң көмегін қолжетімді етуге бағытталған.