Атырауда Жастар күніне орай бос жұмыс орын жәрмеңкесі өтті. Оған 18-35 жас аралығындағы 300-ге жуық азамат қатысты. Өңірдегі 30-ға жуық компания оларға 200-дей бос жұмыс орнын ұсынды. Мұндай жәрмеңке жыл басында да өткен, бұл жолы құжат тапсырған 100 адам қазір тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал бүгінгі жастардың көпшілігі жұмысшы мамандықтарға қызығушылық танытты