"Atyrau Quiz". Осындай атаумен «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Ақыл-ой сарапқа салынған шараны өткізуге «Жеті Жарғы» қоғамдық қоры мұрындық болған. Қатысушы жастар мұнда тек қызықты сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, құқықтық сауатын да арттырды.