Елімізде ең үздік 100 кітап анықталады. Яғни төл әдебиетіміздегі 100 танымал кітапты іріктеп алуға арналған жалпыұлттық сауалнама жүргізіледі.Жұртшылықты қызықтыру мақсатында жоба серіктестері ынталандыру сыйлықтарын ұсынады. Сауалнама 3 айға созылып, нәтижесі 10 тамыз – «Абай күні» қарсаңында жарияланады.