Аймақта шығармашыл жастарды біріктіретін «Atyrau Creative Hub» алаңы ашылды. Бастама өңірдегі креативті индустрияны дамытуды көздейді. Соңғы жылдары өңір жастары музыка, театр, бейнелеу өнері секілді салаларда биіктен көрініп жүр. Жаңа алаң өнерлі қыз-жігіттердің креативті орталығына айналмақ. Мұнда кітапхана, шеберлік сағатын өткізетін кеңістік, фотостудия мен өзге де кабинеттер жасақталған. Алдағы уақытта шағын спектакльдер қоюға арналған зал ашылмақ.