Қазақстанда отандық авторлардың ең танымал 100 туындысын анықтауға бағытталған жалпыұлттық сауалнама өтуіп жатыр. Бұл бастама — ұлттық әдебиетті кеңінен насихаттап, оқуға деген қызығушылықты арттыруға және баспа ісінің дамуына серпін береді. Ауқымды жоба Ұлттық құрылтайдағы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып отыр.