Киберқылмыстарды тергеудің жаңа әдістері талқыланды. Құзырлы орган мәліметінше соңғы жылдары интернет алаяқтық дерегі 4,7 пайызға азайған. Дейтұрғанмен қылмысқа қарсы тосқауыл қою шарлары тоқтамайды. Оңай жолмен ақша тапқысы келетіндердің саны әлі де көп. Сондықтан, бұған түбегейлі тұсау қойылу керек, дейді семинарға жиналғандар.