Үш жасқа дейінгі балаларға оңалту жобасы аясында биыл 100-ден аса ұл-қызға тегін көмек көрсетілген. Ем қабылдаушылар көрсетілген мекен -жайлары бойынша дәрігер қабылдауында болып, тиісті көмек алған. Бірақ, медицина қызметкерлері жылма жыл түрлі сал ауруына шалдығатын балалардың көбейіп келе жатқанын айтып, дабыл қақты.