«Асыл мұра» атты ауқымды мәдени жоба басталды. Бұл жоба — қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи-мәдени мұрасын заманауи форматта қайта жаңғырту, ұмыт болып бара жатқан қолөнер мен дәстүрлі өнер түрлерін жастарға үйрету арқылы олардың ұлттық сана-сезімін ояту.