Атырулық Азамат Бердіғалиев бүлдіршіннің өмірін сақтап қалды. Осыдан бірнеше күн бұрын тұрғын үйде өрт болып, пәтерде сәби қалып қойған. Өз өміріне қауіп төнсе де қарап қалмай, ерлік танытқан кейіпкеріміз бүгінгі күннің нағыз батыры. Оның бұл батыл қадамы әлеуметтік желіге тарап, жұрттың қошеметіне бөленді.