Өзге елдермен байланысты бекітуде экономикалық ахуалдың маңызы зор. Бұл ретте барыс-келісті нығайту үшін бірнеше қадам жасалуы керек. Мәселен, Атырау-Астрахань тас жолы сауда-саттыққа таптырмас мүмкіндік болмақ. Өйткені, көршілес аймақтардың экономикасын еркін дамытуға үлкен септігін тигізіп отыр. Екі жақ арасындағы барыс-келіс жиілеп, сауда-саттық көлемі өсті, кәсіпкерлік субъектілері көбейді. Статистика департаментінің мәліметіне сүйенсек, қазір облыста Ресей федерациясы капиталының қатысуымен 524 кәсіпорын тіркелген. Олардың ішінде мұнай-газ секторында, құрылыста, жабдықтар мен механизмді жеткізуде, жүк тасымалдауда және т.б бағыттарда қызмет көрсететін кәсіпорындар бар.