Еліміздің көптеген өңірінде картоп бағасы екі есеге шарықтап шыға келді. Көкөністің бұл түрі базар мен дүкен сөрелерінде 400 теңгеден асып кетті. Бағаны тұрақтандыру үшін жауапты министрліктер картоп экспортына жарты жылға шектеу қойды. Себебі, көрші елдерден отандық өнімге сұраныс күрт артқан екен. Сала мамандары алаңдауға негіз жоқ, себебі тұрақтандыру қорларында картоп жеткілікті деп отыр.