Атырауда «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында 9 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылады. 3 колледжге 750 орындық жатақхана салынады. Сондай-ақ тағы 3 оқу ордасында өндірістік цех ашу жоспарланып отыр. Жалпы 6 бағыт бойынша арнайы іс-шаралар жоспары бекітілген.