Атырауда алғаш рет “Қыр баласы ” премьерасы өтті.Қойылымда бард ақынның студенттік шағы және өнердегі өсу жолы, жалпы тарпаң тағдыры суреттелді. Сонымен қатар, әсерлі әндері шырқалып, өлеңдері де оқылды.Қойылымның қоюшы режиссері Шағуан Үмбетқалиев спектакльде ақынның шығармашылығын жаңғыртып, оның рухани мұрасын жастарға насихаттау арқылы ұлттық мәдениетке деген құрметті арттыруды мақсат еткен.