Атырауда ақпарттық қауіпсіздік, IT, жұмысшы,заң мамандықтарына сұраныс күннен-күнге артып келеді. Себебі өңірде жаңадан ашылып жатқан кәсіпкерлік нысандары көбейіп, жас мамандарды жұмыспен қамтуда. Қазір өңірдің жастары жоғары оқу орындарын емес, көп сұранысқа ие мамандарды даярлайтын колледждерді таңдауда.