Атырау мұнай өңдеу зауыты әлі толыққанды жұмыс істей алмай тұр. Себебі кәсіпорынның өзегі саналатын баяу кокстеу қондырғысында ақау бар. Нысан осыдан бір ай бұрын жөндеуге жабылған еді. Мердігер өндірістік қондырғылардың барлығын қалпына келтіріп, негізгі бөлігіндегі жұмыстарды аяқтамаған. Қазір зауыт тәулігіне 14 мың тонна мұнай өндіруде. Қараша айы басталғалы 43 мың тоннадан астам шикізат шығарған.