Атырауда белгісіз жағдайда суға батып қайтыс болған 13 жастағы баланың туыстары тергеудің әділ жүргізілуін талап етеді. Марқұмның жақындары қылмыстық істің бабын ауыстырып, күдіктілерді қамау керек деп есептейді. Айтуларынша, Мерлан Сананы үлкен сыныптың балалары Жайық өзеніне итеріп жіберген. Және жүзе алмайтын ұлыма көмектесудің орнынан жайбарақат қарап тұрған деп отыр анасы.