ҚР президенті жанындағы басқару академиясының 30 жылдығына орай облыстық филиалдың ұйымдастыруымен спартакиада өтті. Спорттық дода кіші футбол, волейбол, үстел теннисі және шахмат бойынша ұйымдастырылды. Сайысқа аймақтағы мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардан бас-аяғы 28 кұрама қатысты. Ұйымдастырушылар осы арқылы қызметкерлердің командалық жұмысын жандандыруды көздеген. Тартысты өткен бәсекеде кіші аяқ добынан жүледелі бірінші орынды «Атырау пайдалану локомотив депосы», волейболдан «Атырау мұнай өңдеу зауыты» құрамасы еншіледі.