Атырауда есірткі жарнамасы бейнеленген граффити өшірілді. Арнайы телеграм ботқа Азаттық көшесіндегі тұрғын-үйлердің бірінде есірткі саудасын жүргізетін сайттың мекен-жайы жазылғаны жөнінде хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері заңбұзушылықты анықтап, жарнаманы өшірді.