Атырауда "Тарих және Тұлға" атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл бас қосу аймаққа аты жақсы таныс, халқының нағыз жанашыры бола білген Нұртас Оңдасыновтың 120 жылдығына арналды. Жиында небәрі 34 жасында Қазақ КСР Халық Комиссарлары кеңесінің төрағасы болған қайраткер туралы көптеген естелік айтылды.