“Қожа Ахмет Ясауи және шежірелі Түркістан" көшпелі көрмесі салтанатты түрде ашылды. Түркі халықтарына ортақ ұлы ғұлама - Қожа Ахмет Ясауидің тарихи болмысы мен мұраларын ұлықтау, шәкірттері мен олардың еңбектерін таныту мақсатында ұйымдастырылған көрмеге зиялы қауым өкілдері, өлкетанушылар мен студенттер қатысты.