Атырауда анестезиолог-реаниматологтарға арналған конгресс басталды. Біліктілікті арттыруға арналған кездесуді «Қазақ анестезиологтар және реаниматологтар қоғамы» ҚБ мен Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырды. Оған елімізден және шет елдерден келген жетекші ғалымдар мен практикалық денсаулық сақтау мамандары қатысты.