Шаһарда медициналық генетиктер қауымтастығы және еліміздің ультрадыбыстық диагностика мамандарының бірлескен бірегей пленарлық отырысы өтті. Медицина саласының әлеуетін арттырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуді көздеген шараға аймақтан ғана емес, еліміздің өзге өңірлерінен де 100-ден аса маман қатысты.