Жеті қазынаның бірі саналатын иттің бабы бүтін бір ғылым. Оларды арнаулы бір бағытқа баптайтын мамандардың бірі-кинологтар. Бұл әлемдегі ең экстремалды кәсіптердің қатарына жатады. Көп елене бермейтін, бірақ дүйім жұрттың тыныштығы үшін итті баптап, баулып, қарайтын із кесушілердің еңбегі ұшан-теңіз. Әсіресе, кездесетін есірткі, жарылғыш заттардың болмауын қамтамасыз етуде иттердің алатын орны ерекше.