Атырауда дүниежүзілік туризм күні атап өтілді. Бұл күн туризмнің халықтар арасындағы мәдени алмасуы мен экономикалық әлеуетті өзара арттыратын айрықша күн болып саналады. Атаулы датаға елімізде 1993 жылдан бері ерекше мән беріліп келеді. Мақсаты: халықаралық және ішкі туризм экономикасына елеулі үлес қосып,елдер арасындағы халықтың байланысын дамыту қоғам назарын аударту. Осыған орай өңірдің көрікті, тарихи-мәдени жерлерін танытуға ат салысып жүрген ұйымдар мен жеке тұлғалар марапатталды. Туризм маңызды экономикалық фактор және мемлекеттік бюджет кірісінің негізгі көзі болып табылады. Сондықтан, басқосуда өңірге келуші туристтер санын арттыру үшін идеялар ортаға салынды.