Аймақ журналистикасының абызы, қарымды қалам иесі, өлкетанушы, облыстың құрметті азаматы Өтепберген Әлімгереев дүниеден озды. Ақпарат саласына 51 жылын арнаған арда азамат публицистикада да қалам тербеген терең жазушы ретінде ел есінде қалды. Аймақ тағылымын жарыққа шығаруда аянып қалмаған сиқырлы сөздің сардары Өтепберген Әлімгереевтің қазасына өңір жұртышылғы қайғыра көңіл айтты.