Қазақстанда атом электр станциясы салынса, қандай реактор қолданылады? Бұл сауал энергетика саласының мамандарын ғана емес, барша қазақстандықтарды қызықтыратыны анық. АЭС салу бойынша жалпыұлттық референдум 6 қазанда өтеді. Содан кейін ғана реактор таңдалмақ. Атом электр станциясы үшін 4 шетелдік реактор үміткер болып отыр.