Отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында Атырауда «Оtbasy Fest» байқауы өтті.Шарада алтын той иелері мен үлгілі жанұялар, егіз бала тәрбиелеп отырған отбасылар марапаталды. Ұйымдастырушылар осындай үлгілі әрі өнегелі жанұяларды жария қылу арқылы өңірдегі отбасы институтын дамытуға атсалысқысы келетіндерін айтады.