6 қазанда өтетін жалпыхалықтық референдумға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бүкіл ел бойынша қарқынды жүргізіліп жатыр. Атырау облысында 274 учаскелік және 9 аумақтық референдум комиссиясы бар. Онда барлығы 2037 мүше тіркелген. Қазір комиссия мүшелерін оқыту, олардың біліктілігін арттыру мақсатында семинар-кеңестер, тренингтер ұйымдастырылып жатыр.