"Жанұясының берекесін қашырып, бүлік іздейтіндер, алдымен, балаларға кесірін тигізеді. Өйткені, олар көргенін қайталауы мүмкін." Бұл жасөспірімдермен тығыз жұмыс істейтін полиция мамандарының пікірі. Олардың айтуынша, жыл басынан бері отбасылық жанжал шығарған адамдарға қатысты 861 хаттама толтырылған. Аз көрсеткіш емес. Сондықтан, бұқарамен біте қайнасып, түсініктеме жүргізіп отыру - полиция қызметкерлеріне артылған тағы бір міндет.