Әлеуметтік әмиян электронды сервисі арқылы мыңнан аса атыраулық тегін дәрі-дәрмек ала бастады. Қазір аймақтағы барлық емханаларда аталмыш сервис қызмет көрсетуде. Мәселен, қазан айынн бері медициналық ұйымдар бекіткен рецептер арқылы ем алушылар тегін дәрі-дәрмек алған. Айта өтейік, Жоба қазақстандықтарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Пилоттық режимде 2023 жылдың соңынан бері елімізде азаматтардың жекелеген санаттарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, мектептерде тегін және жеңілдікпен тамақтандыру сияқты қызметтер іске асырылуда.